V Azııa Para oıyndarynyń jeńimpazdary elge oraldy

ASTANA. KAZINFORM – Elordanyń halyqaralyq áýejaıynda 14 jeltoqsannan 15 jeltoqsanǵa aýǵan túni Birikken Arab Ámirliginde ótken jasóspirimder arasyndaǵy V Azııa Para oıyndarynyń jeńimpazdaryn saltanatty túrde qarsy alý rásimi ótti, dep jazdy qala ákimdiginiń resmı saıty.

10-13 желтоқсан аралығында өткен төрт жылдықтың кешенді жарысында еліміздің намысын 9 спорт түрінен 60 отандасымыз қорғап, 68 медаль жеңіп алды. Айтулы жарысқа Астана қаласының спортшылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, пара пауэрлифтинг сайысында Вазир Надыров 59 кг салмақ дәрежесінде 115 кг нәтижемен сынға түсіп, үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді. Сондай-ақ, Қуаныш Рахатұлы 54 кг салмақ дәрежесінде 107 кг нәтижемен өнер көрсетіп, пара пауэрлифтингтен қола жүлдеге қол жеткізді.  Пара үстел теннисінен аралас жұптық сында елордалық Алтынай Ержанқызы Эли Махұлбековпен бірге өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал жекелей сында Алтынай қола медаль иеленді.  Пара жүзуден қатысқан екі бірдей астаналық спортшы да жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Әділ Қалиева пара жүзуден жасөспірімдер арасындағы V Азия Паралимпиада ойындарының төрт дүркін алтын жүлдегері атанды. Ол 12-15 жас санатында өнер көрсетіп, төрт түрлі қашықтықта жеңіске жетті: • 200 м кешенді жүзу; • 100 м еркін стиль; • 400 м еркін стиль; • 50 м еркін стиль.  Ал пара жүзуші Тұрғанбеков Әли 17-18 жас санатында сынға түсіп, бір алтын және екі күміс медаль иеленді. Ол төмендегі қашықтықтарда жүлдегер атанды: • 100 м брасс – алтын медаль; • 100 м еркін стиль – күміс медаль; • 100 м шалқалап жүзу – күміс медаль.   Осылайша, Жасөспірімдер арасындағы Азия Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындарының деңгейі уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы Бахрейндегі өткен додаға 30 ел бас қосса, биыл рекордты көлемде 45 мемлекет жүлдеге таласты. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге 8 жылдық үзілістен кейін қайта қатысты.  2009 жылдан бастау алған жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындарының тарихында осыған дейін Қазақстан құрамасы 25 алтын еншілеген еді. Ал Дубайдағы өткен V Азия пара ойындарында отандастарымыз 25 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің Әнұрамызды шырқатты.  -25 алтын алудың өзі оңайға соққан жоқ. Осының артында жүйелі жоспар құру, оқу-жаттығу жиындары, бапкерлердің еңбегі, спортшылардың қаншама төккен тері жатыр. Ең бастысы, ұлттық құраманың артынан еріп келе жатқан резервтің деңгейін тексеруге мүмкіндік алдық және олар үлкен тәжірибе жинады, – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Лескен Есекеев. Айта кетейік, енді жасөспірімдер арасындағы келесі VI Азия Пара ойындарын 2029 жылы Камбоджа Корольдігі қабылдайды.
Фото: Астана әкімдігі

10-13 jeltoqsan aralyǵynda ótken tórt jyldyqtyń keshendi jarysynda elimizdiń namysyn 9 sport túrinen 60 otandasymyz qorǵap, 68 medal jeńip aldy. Aıtýly jarysqa Astana qalasynyń sportshylary qatysyp, jeńis tuǵyrynan kórindi. Atap aıtqanda, para paýerlıftıng saıysynda Vazır Nadyrov 59 kg salmaq dárejesinde 115 kg nátıjemen synǵa túsip, úzdik úshtikke enip, qola medal ıelendi. Sondaı-aq, Qýanysh Rahatuly 54 kg salmaq dárejesinde 107 kg nátıjemen óner kórsetip, para paýerlıftıngten qola júldege qol jetkizdi.

Para ústel tennısinen aralas juptyq synda elordalyq Altynaı Erjanqyzy Elı Mahulbekovpen birge óner kórsetip, altyn medal jeńip aldy. Al jekeleı synda Altynaı qola medal ıelendi.

Para júzýden qatysqan eki birdeı astanalyq sportshy da jeńis tuǵyrynan kórindi. Atap aıtqanda, Ádil Qalıeva para júzýden jasóspirimder arasyndaǵy V Azııa Paralımpıada oıyndarynyń tórt dúrkin altyn júldegeri atandy. Ol 12-15 jas sanatynda óner kórsetip, tórt túrli qashyqtyqta jeńiske jetti: • 200 m keshendi júzý; • 100 m erkin stıl; • 400 m erkin stıl; • 50 m erkin stıl.

Al para júzýshi Turǵanbekov Álı 17-18 jas sanatynda synǵa túsip, bir altyn jáne eki kúmis medal ıelendi. Ol tómendegi qashyqtyqtarda júldeger atandy: • 100 m brass – altyn medal; • 100 m erkin stıl – kúmis medal; • 100 m shalqalap júzý – kúmis medal.

dzıýdo
Foto: Astana ákimdigi

Osylaısha, Jasóspirimder arasyndaǵy Azııa Paralımpıada oıyndarynyń qorytyndysy boıynsha Astana qalasynyń sportshylary 6 altyn, 3 kúmis jáne 3 qola medal enshiledi. Jasóspirimder arasyndaǵy Azııa para oıyndarynyń deńgeıi ýaqyt ótken saıyn artyp keledi. Máselen, 2021 jyly Bahreındegi ótken dodaǵa 30 el bas qossa, bıyl rekordty kólemde 45 memleket júldege talasty. Aıta keterligi, Qazaqstan quramasy bul básekege 8 jyldyq úzilisten keıin qaıta qatysty.

2009 jyldan bastaý alǵan jasóspirimder arasyndaǵy Azııa para oıyndarynyń tarıhynda osyǵan deıin Qazaqstan quramasy 25 altyn enshilegen edi. Al Dýbaıdaǵy ótken V Azııa para oıyndarynda otandastarymyz 25 márte jeńis tuǵyryna kóterilip, elimizdiń Ánuramyzdy shyrqatty.

- 25 altyn alýdyń ózi ońaıǵa soqqan joq. Osynyń artynda júıeli jospar qurý, oqý-jattyǵý jıyndary, bapkerlerdiń eńbegi, sportshylardyń qanshama tókken teri jatyr. Eń bastysy, ulttyq quramanyń artynan erip kele jatqan rezervtiń deńgeıin tekserýge múmkindik aldyq jáne olar úlken tájirıbe jınady, – dedi Dene múmkindikteri shekteýli tulǵalarǵa arnalǵan sporttyq daıarlaý ortalyǵynyń joǵary jetistikter sporty jáne óńirlik damý jónindegi dırektordyń orynbasary Lesken Esekeev. Aıta keteıik, endi jasóspirimder arasyndaǵy kelesi VI Azııa Para oıyndaryn 2029 jyly Kambodja Koroldigi qabyldaıdy.

Aıta keteıik, qazaqstandyq jasóspirimder V Azııa Para oıyndarynda 68 medal jeńip aldy.

Сейчас читают