Túrkııada fýd-ınflıýenserlerge salyqtyq baqylaý kúsheıtiledi

ASTANA. KAZINFORM – Túrkııa bıligi tanymal aspazdyq kontent avtorlaryna tegin tamaqtaný, PR-syılyqtar jáne jarnamalyq ıntegratsııa tabys bolyp sanalatynyn jáne olarǵa salyq salynatynyn eske saldy. Birlesken tólemderden 15% tabys salyǵy ustalady, dep habarlaıdy Kazinform agenttiginiń Ankaradaǵy tilshisi.

Түркияда мейрамханалар мен тамақ өнімдеріне шолу жасайтын блогерлер күтпеген «салықтық тосын сыйға» тап болды. Инфлюенстерге арналған білім беру бағдарламасының аясында билік жарнамаға айырбас ретінде алынған кез келгені – ақша, сыйлықтар немесе тегін тамақ болсын – табыс болып саналатынын және оған салық салынатынын түсіндірді.   Ыстанбұлда «жауапты инфлюенстерді 4-ші оқыту» бағдарламасы Сауда министрлігі, Қазынашылық және қаржы министрлігі, сондай-ақ жарнама ұйымдарының қатысуымен өтті. Қатысушылар жарнама саласындағы заңды міндеттемелер, жеке деректерді қорғау, зияткерлік меншік және салық заңнамасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алды.  15% – автоматты түрде   Жаңа түсіндірмелерге сәйкес, агенттіктер мен жарнама берушілер жарнама және демеушілік үшін инфлюенсерлерге төленген жалпы сомадан 15% табыс салығын ұстап қалуға міндетті. Бұл қаражат тиісті салық мәртебесі бар блогердің арнайы банк шотына аударылуы тиіс.   Егер мейрамхана блогерді жазба үшін «тегін» кешкі асқа шақырса, сол кешкі ас құны да табыс болып саналады. Мекеме соманы инфлюенсердің банк шотына аударуға, төлемді мәлімдеуге және салықты ұстап қалуға міндетті.  Тегін сыйлық енді жоқ  Салық брендтерден PR-жөнелтілімдер, дәмсараптар және ақшалай емес өтемақы басқа да кез келген түріне де салынады. Жалпы табыс белгіленген салықтан босату шегінен асып кетсе, блогер белгіленген тәртіппен қосымша салық төлеуге міндетті. Кездесуде сандық ортада заңсыз құмар ойындарды насихаттағаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Билік әлеуметтік желілерді заңсыз мқлшерлемелерді жарнамалау үшін пайдалану ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.  Осылайша, түрік билігі инфлюенсер экономикасындағы «сұр» табыс дәуірі аяқталып келе жатқанын, ал цифрлық танымалдылық қазір дәстүрлі бизнес сияқты қаржылық тәртіпті талап ететінін анық білдіртіп отыр.
Фото: ntv.com.tr

Túrkııada meıramhanalar men tamaq ónimderine sholý jasaıtyn blogerler kútpegen «salyqtyq tosyn syıǵa» tap boldy. Inflıýensterge arnalǵan bilim berý baǵdarlamasynyń aıasynda bılik jarnamaǵa aıyrbas retinde alynǵan kez kelgeni – aqsha, syılyqtar nemese tegin tamaq bolsyn – tabys bolyp sanalatynyn jáne oǵan salyq salynatynyn túsindirdi.

Ystanbulda «jaýapty ınflıýensterdi 4-shi oqytý» baǵdarlamasy Saýda mınıstrligi, Qazynashylyq jáne qarjy mınıstrligi, sondaı-aq jarnama uıymdarynyń qatysýymen ótti. Qatysýshylar jarnama salasyndaǵy zańdy mindettemeler, jeke derekterdi qorǵaý, zııatkerlik menshik jáne salyq zańnamasy týraly egjeı-tegjeıli aqparat aldy.

15% – avtomatty túrde

Jańa túsindirmelerge sáıkes, agenttikter men jarnama berýshiler jarnama jáne demeýshilik úshin ınflıýenserlerge tólengen jalpy somadan 15% tabys salyǵyn ustap qalýǵa mindetti. Bul qarajat tıisti salyq mártebesi bar blogerdiń arnaıy bank shotyna aýdarylýy tıis.

Eger meıramhana blogerdi jazba úshin «tegin» keshki asqa shaqyrsa, sol keshki as quny da tabys sanalady. Mekeme somany ınflıýenserdiń bank shotyna aýdarýǵa, tólemdi málimdeýge jáne salyqty ustap qalýǵa mindetti.

Tegin syılyq endi joq

Salyq brendterden PR-jóneltilimder, dámsaraptar jáne aqshalaı emes ótemaqy basqa da kez kelgen túrine de salynady. Jalpy tabys belgilengen salyqtan bosatý sheginen asyp ketse, bloger belgilengen tártippen qosymsha salyq tóleýge mindetti. Kezdesýde sandyq ortada zańsyz qumar oıyndardy nasıhattaǵany úshin jaýapkershilikke erekshe nazar aýdaryldy. Bılik áleýmettik jelilerdi zańsyz mqlsherlemelerdi jarnamalaý úshin paıdalaný aýyr quqyqtyq saldarǵa ákelýi múmkin ekenin atap ótti.

Osylaısha, túrik bıligi ınflıýenser ekonomıkasyndaǵy «sur» tabys dáýiri aıaqtalyp kele jatqanyn, al tsıfrlyq tanymaldylyq qazir dástúrli bıznes sııaqty qarjylyq tártipti talap etetinin anyq bildirtip otyr.

Сейчас читают