Memleket basshysy tsıfrlyq sheshimderdi engizý sharalarynyń mańyzdy ekenine toqtaldy

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл құжат Еуразия кеңістігіндегі Достастық елдерінің мүдделерін ескеретін жаңа транзиттік-логистикалық кодқа айналады.  Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін келесі басымдық ретінде атап өтті.   «Анағұрлым өнімді әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамыту үшін өзара ықпалдастықты күшейткеніміз жөн. Озық тәжірибемен бөлісіп, өндіріс пен өткізілетін өнім арасындағы тізбекті жолға қою, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринарлық талаптарды оңтайландыру үшін қолайлы жағдай жасау қажет», – деді Президент.  Мемлекет басшысының айтуынша, климаттың жаһандық деңгейде өзгеруі елдеріміздің орнықты дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді.  «ТМД-ға мүше бірқатар мемлекеттің аумағында қазіргі экологиялық ахуал нашарлап, шөлге айналу және су қорының сарқылу жағдайында бұл проблеманы елеусіз қалдыруға болмайды. БҰҰ бағалауына сәйкес 2050 жылға қарай климаттағы өзгеріс салдарынан бес миллиардтан астам адам су тапшылығына ұшырауы мүмкін. Қазірдің өзінде Орталық Азия елдері Жер шарындағы орташа температураның көтерілуіне байланысты күрделі проблемаларға тап болып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Сонымен қатар Президент еліміздің аталған саладағы маңызды жобалары туралы мәлімет берді.   Мемлекет басшысы күш-жігер жұмылдырмай, Еуразия кеңістігіндегі экологиялық катаклизмдердің салдарын еңсеру мүмкін емес екенін атап өтті. Сондай-ақ ТМД аясында осы бағыттағы конструктивті қарым-қатынасты нығайту аса маңызды деп санайды.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Memleket basshysy TMD-ǵa múshe memleket basshylary keńesiniń otyrysynda elderimizdiń tranzıttik áleýetin nyǵaıtý úshin qazirgi qoldanystaǵy ınfraqurylymdy jańǵyrtyp, ákimshilik rásimderdi qysqartý jáne ıntegratsııalanǵan logıstıkalyq, sonyń ishinde tsıfrlyq sheshimderdi engizý sharalarynyń mańyzdy ekenine arnaıy toqtaldy, dep habarlaıdy Kazinform Aqordanyń baspasóz qyzmetine silteme jasap.

Prezıdent TMD-ǵa múshe memleketterdiń aýmaǵy arqyly ótetin kúre joldardy ózara ushtastyrý tujyrymdamasyn ázirleýdi usyndy. Onyń pikirinshe, bul qujat Eýrazııa keńistigindegi Dostastyq elderiniń múddelerin eskeretin jańa tranzıttik-logıstıkalyq kodqa aınalady.

Qasym-Jomart Toqaev azyq-túlik qaýipsizdigin qamtamasyz etý máselesin kelesi basymdyq retinde atap ótti.


«Anaǵurlym ónimdi ári ekologııalyq taza aýyl sharýashylyǵyn damytý úshin ózara yqpaldastyqty kúsheıtkenimiz jón. Ozyq tájirıbemen bólisip, óndiris pen ótkiziletin ónim arasyndaǵy tizbekti jolǵa qoıý, sondaı-aq fıtosanıtarııalyq jáne veterınarlyq talaptardy ońtaılandyrý úshin qolaıly jaǵdaı jasaý qajet», – dedi Prezıdent.

Memleket basshysynyń aıtýynsha, klımattyń jahandyq deńgeıde ózgerýi elderimizdiń ornyqty damýyna aıtarlyqtaı qaýip tóndiredi.



«TMD-ǵa múshe birqatar memlekettiń aýmaǵynda qazirgi ekologııalyq ahýal nasharlap, shólge aınalý jáne sý qorynyń sarqylý jaǵdaıynda bul problemany eleýsiz qaldyrýǵa bolmaıdy. BUU baǵalaýyna sáıkes 2050 jylǵa qaraı klımattaǵy ózgeris saldarynan bes mıllıardtan astam adam sý tapshylyǵyna ushyraýy múmkin. Qazirdiń ózinde Ortalyq Azııa elderi Jer sharyndaǵy ortasha temperatýranyń kóterilýine baılanysty kúrdeli problemalarǵa tap bolyp otyr», – dedi Qasym-Jomart Toqaev.

Sonymen qatar Prezıdent elimizdiń atalǵan saladaǵy mańyzdy jobalary týraly málimet berdi.

Memleket basshysy kúsh-jiger jumyldyrmaı, Eýrazııa keńistigindegi ekologııalyq kataklızmderdiń saldaryn eńserý múmkin emes ekenin atap ótti. Sondaı-aq TMD aıasynda osy baǵyttaǵy konstrýktıvti qarym-qatynasty nyǵaıtý asa mańyzdy dep sanaıdy.

Сейчас читают
telegram