Kegen Tursynbaev QR Tótenshe jaǵdaılar vıtse-mınıstri bolyp taǵaıyndaldy

Кеген Тұрсынбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен. 2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы. 2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.  2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.
Фото: primeminister.kz

ASTANA. KAZINFORM – Qazaqstan Úkimetiniń qaýlysymen Kegen Ahmetuly Tursynbaev Tótenshe jaǵdaılar vıtse-mınıstri qyzmetine taǵaıyndaldy. Bul týraly QR Úkimetiniń baspasóz qyzmeti habarlady.

1971 jyly Shyǵys Qazaqstan oblysynda dúnıege kelgen. Lenın komsomoly atyndaǵy eki márte Qyzyl Týly Rıazan joǵary áýe desanttyq komandalyq ýchılışesin, L.N. Gýmılev atyndaǵy Eýrazııa memlekettik ýnıversıtetin, RF Prezıdenti janyndaǵy Reseı halyq sharýashylyǵy jáne memlekettik qyzmet akademııasyn bitirgen.

Ár jyldary QR Respýblıkalyq ulany, QR Ulttyq qaýipsizdik komıtetiniń Shekara qyzmeti qatarynda qyzmet etken.

2020-2021 jyldary Shyǵys Qazaqstan oblysy boıynsha Tutynýshylardyń quqyqtaryn qorǵaý komıteti departamentiniń basshysy bolyp jumys istedi.

2021-2022 jyldary — QR Prezıdenti Іs basqarmasynyń bólim bastyǵy.

2022-2024 jyldary QR Іshki ister mınıstrliginiń qurylymynda basshylyq qyzmetter atqardy.

2024 jylǵy sáýirden bastap qazirgi ýaqytqa deıin — QR TJM Azamattyq qorǵanys jáne áskerı bólimder komıtetiniń tóraǵasy.

Сейчас читают
telegram